ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫН КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ
29-12-2011
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 16 қарашадағы №175 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабының 2) тармақшасы, 63 бабының 1 тармағы, "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 85, 87 баптарына сәйкес, 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауы болады.
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімінде тұрақты немесе уақытша консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының 1010 Wien, Wipplingerstrasse 35, floor 3 мекен-жайында орналасқан дипломатиялық өкілдігінде ұйымдастырылған №118 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Дауыс беру рәсімі жергілікті уақыт бойынша 2012 жылғы 15 қаңтарда сағат 9.00 басталып, 16.00 аяқталады. Дауыс берушіде өзімен бірге ҚР азаматының ұлттық паспорты болуы қажет.
Елшілік біздің азаматтарға өздерінің конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруына барлық жағдайды жасайды және Сіздердің белсенді қатысатындықтарыңызға сенім білдіреді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауы жөніндегі электоралдық кампания туралы егжей-тегжейлі толық ақпаратпен ҚР Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz веб-сайтынан танысуға, сондай-ақ №118 сайлау учаскесінде өтетін сайлау рәсіміне қатысты туындаған сұрақтарға жауапты Вена қаласындағы Елшілігінде алуға болады.
№118 учаскелік сайлау комиссиясы тарапынан сайлаушылардың нақты тізімін дайындау бойынша мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан дәлсіздіктер мен қатерлерді дер кезінде жою мақсатында Сіздің сайлауға қатысуыңыз туралы ҚР Австриядағы Елшілігін +43 (1) 890 80 08 20 факсі немесе +43 (1) 890 80 08 10 телефоны бойынша, сондай-ақ consul@kazakhstan.at, daulet@kazakhstan.at электрондық мекен-жайларға алдын-ала ақпараттандыруды сұраймыз.
Ескертпе:
Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Әр сайлаушы жеке өзі дауыс береді.
Дауыс беру құқығын басқа тұлғаларға беруге немесе басқа тұлға үшін дауыс беруге рұқсат етілмейді.
Австрияға жеке шақырулар бойынша, қызметтік, іскер және туристтік сапармен келген ҚР азаматтары учаскелік комиссияға келген уақытта және қолдарында шығару куәліктері болған жағдайда сайлаушылардың тізіміне енгізіледі.
Дауыс беру бюллетендері сайлаушыларға сайлаушылардың тізімі негізінде, олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен жағдайда беріледі.
ҚР Вена қаласы, Австрия Республикасындағы
№118 сайлау учаскесі

