Венада Семей полигоны жабылуының 20-жылдығына орай фотокөрме ашылды
02-09-2011
1 қыркүйекте Венада дипломатиялық корпустың кеңінен қатысуымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 20-жылдығына арналған фотокөрме ашылды.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумына төрағалық етеді
01-09-2011
2011 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумына (ҚЫФ) төрағалық етеді.
Қазақстан азиялық әріптестерімен ынтымаққа берік
01-06-2011
Жуырда Моңғолия астанасы Улан-Баторда ЕҚЫҰ мен осы ұйымның азиялық әріптестері бас қосып, ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру және қауіпсіздік қатерлеріне бірлесіп төтеп беру мүмкіндіктерін қарастырды.
Венада Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығына арналған дөңгелек үстел болып өтті
31-05-2011
Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету келешегі 31 мамыр күні Венада өткен дөңгелек үстел кезінде талқыланды. Ісшараны Қазақстанның Австриядағы Елшілігі – ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және беделді «Халықаралық бейбітшілік институты» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды.
Қазақстан Елшісі Австрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
18-05-2011
17 мамыр күні веналық Хофбург сарайында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишерге сенім грамоталарын тапсыру рәсімі болып өтті.

