«Вена – Еуропа жүрегі» сауалнама-байқауын өткізу жөнінде»
29-07-2010
Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті, Австрияның Қазақстандағы Елшілігі, «Австрия әуе жолдары»,және Қазақстан Футбол Федерациясы «Вена – Еуропа жүрегі» атты жалпыұлттық сауалнама-байқауының басталуы жайында мәлімдейді.
Қазақстанның ағымдағы жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі еліміздің «Кәрі құрлықтың» саяси, экономикалық және мәдени кеңістігімен едәуір жақындасуына қосымша мүмкіндік туғызуда. Өзінің жауапты халықаралық миссиясының шеңберінде отандық дипломатия бейбітшілік, төзімділік және кемсітпеушілік құндылықтарын насихаттауға зор көңіл бөліп келеді.
Айтарлықтай жақын, кейде пара-пар құндылықтар спорт әлемінде де өз көрінісін табуда. Сондайлардың қатарында - салауатты өмір салты және өмірге деген салауатты көзқарас, жарысты ережеге сәйкес жүргізу, оған қатысушылардың бәріне шыққан тегіне, тіліне, нәсіліне және діни сенім-нанымына қарамастан тең қарау.
Осындай көзқарасқа негізделе отырып байқауды ұйымдастырылушылар «Вена – Еуропа жүрегі» атты сауалнама-байқауын өткізу арқылы Қазақстан, Австрия және ЕҚЫҰ, дипломатия мен спорт арасындағы жағымды ықпалдастықтық үлгісіне жұртшылық назарын аударғысы келеді.
Неліктен Вена? Себебі, дәл осы әсем шаһарда ЕҚЫҰ-ның Хатшылығы орналасқан, сондықтан ол биылғы жылы еуропалық астаналар арасында қазақстандықтардың жүрегіне белгілі бір дәрежеде ең жылы болып көрінеді. Себебі, дәл сол қалада 7 қыркүйек күні 2012 жылдың жазында Польша мен Украинада өтетін футболдан Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі өз жолын Қазақстан ұлттық құрамасы австриялық қарсыластарымен болатын ойынымен бастамақ.
Байқауға қатысу үшін Вена қаласы, «Австрия әуежолдары», отандық және еуропалық футбол, ЕҚЫҰ-ның қызметі мен оған Қазақстанның төрағалық етуіне қатысты аса қиын емес сұрақтарға дұрыс жауап беру қажет. Сұрақтар мен оларға жауаптардың нұсқалары қазақстандық жетекші спорттық және қоғамдық-саяси БАҚ-тарда және интернет-порталдарда, сондай-ақ Қазақстан Футбол Федерациясының сайтында (www.kff.kz) орналастырылатын болады.
Өзіңіздің кері байланыс мәліметтеріңізбен (аты-жөніңіз, байланыс телефон нөмірі) қоса толтырылған анкеталар 16 тамыздан кешіктірмей konkurs@kff.kz электронды адреске немесе дәстүрлі пошта арқылы «Алматы қ-сы, Сәтбаев к-сі 29/3, А.Кеплин үшін, «Вена – Еуропа жүрегі» мекенжайына жеткізу қажет.
Дұрыс жауап қайтарғандар 23 тамыз күні Астанада өтетін жүлде ұтысына қатысады. Жүлделер арасында – ұйымдастырушылардың символикасы бар сувенирлер және Қазақстан құрамасының ойыншылары қол қойған үш теңбіл доп болады.
Бас жүлде - «Австрия әуежолдары» компаниясы ұсынған «Астана-Вена-Астана» бағыты бойынша екі адамға ұшу билеттері және 6-10 қыркүйек аралығында веналық қонақ үйде бес күн тұру мүмкіндігі. Сондағы бағдарламаның міндеттісі - Қазақстан Футбол Федерациясымен ұсынылған екі билетпенен 7 қыркүйекте өтетін Қазақстан және Австрия құрамаларының ойынын стадионнан тамашалау болады.
Ескерту: тұратын жеріңізден Астанаға бару және қайту, визаны рәсімдеу, тамақтануға қатысты шығындарды ұйымдастырушылар өтемейді.
Ұйымдастырушылар аталмыш байқау Қазақстан мен Австрияның жақындасуына, ЕҚЫҰ-дағы Қазақстандық төрағалықтың дәріптелуіне, салауатты өмір салтын насихаттауға өз ықпалын тигізеді деген сеніммен БАҚ өкілдерін бұл бастаманы жүзеге асыруға жәрдем көрсетуін сұрайды.
«Вена – Еуропа жүрегі» байқауының сауалнамасы:
1) Еуропадағы халықаралық ұйымдардың қайсысының штаб-пәтері Венада орналасқан?
А) УЕФА, Б) НАТО, В) ЕҚЫҰ, Г) Еуроодақ
2) Қазақстан 2010 жылы қандай халықаралық ұйымға төрағалық етуде?
А) УЕФА, Б) Халықаралық олимпия комитеті, В) ЕҚЫҰ, Г) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ)
3) Төмендегі елдердің қайсысы ЕҚЫҰ-ның «Үштігіне» (бұрынғы, қазіргі және келесі төрағалары) кірмейді?
А) Грекия, Б) Литва, В) Испания, Г) Қазақстан
4) ЕҚЫҰ жиналыстары Венадағы әсем сарайлардың қайсысында өткізіледі?
А) Шенбрунн, Б) Хоффбург, В) Бельведер, Г) Лихтенштейн
5) ЕҚЫҰ-ға неше мемлекет мүшелік етеді?
А) 56, Б) 50, В) 32, Г) 65
6) Төмендегі салалардың қайсысы ЕҚЫҰ қызметіндегі негізгі бағыттарға жатпайды?
А) Әскери-саяси, Б) Экономикалық-экологиялық, В) Ғылыми-техникалық, Г) Гуманитарлық
7) Командалық ойындарда пайдаланатын қай термин ЕҚЫҰ қызметіндегі негізгі бағыттарды сипаттау үшін де пайдаланады?
А) Тор, Б) Қақпа, В) Алаң, Г) Себет (қоржын)
8) Қазақстан мен Австрия құрамалары арасындағы соңғы кездесу қалай аяқталды?
А) Қазақстан жеңді, Б) тең түсті, В) Австрия жеңді, Г) командалар әлі кездескен жоқ
9) «Австрия әуе жолдарының» қай әуежайы компанияның хабы (торабы) болып табылады?
А) Вена-Шехват, Б) Зальцбург, В) Вена-Шенбрунн, Г) Дунай
10) Төмендегі көрсетілген сайттардың қайсы ЕҚЫҰ-ның сайты?
А) www.osce.org, Б) www.austrian.com, В) www.obse.net, Г) www.osce.com
11) Төмендегілердің қайсысы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағылығының ресми сайты?
А) www.osce2010.kz, Б) www.obse.kz, В) www.mfa.kz, Г) www.kff.kz
12) Төмендегілердің қайсысы «Австрия әуежолдары» компаниясының ресми сайты?
А) www.austrian.com, Б) www.osce-vienna.com, В) www.obse.net, Г) www.osce.com
13) «Астана-Вена» бағыты бойынша «Австрия әуежолдары» компаниясының ұшақтары аптаның қандай күндерінде ұшады?
А) дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі, Б) сенбі, бейсенбі, В) бейсенбі, жексенбі, Г) жұма, жексенбі
14) Еуропадағы футбол чемпионаттарының соңғысы (2008 жылы) қай елде өтті?
А) Польша және Украина, Б) Германия, В) Австрия және Швейцария, Г) Франция
15) 2008 жылғы Еуропадағы футбол чемпионатының финалдық кездесуі қай алаңда өтті?
А) «Олимпийский» (Киев), Б) «Альянц Арена» (Мюнхен), В) «Эрнст Хаппель» (Вена), Г) «Стад де Франс» (Париж)

