Алматыда өтетін ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінің қатысушылары Корфу процесінің дамуын, Қырғызстандағы жағдайды және ЕҚЫҰ Саммиті жайлы талқылап жатыр
17-07-2010
АЛМАТЫ, Қазақстан, 2010 жылғы 17 шілде – Бүгін Алматыда басталған ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінің тақырыптары ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Қырғызстандағы, Корфу процесі арқылы ағымдағы мәселелердің шешімін табу, сонымен қатар ЕҚЫҰ Саммитін өткізу жөнінде нақты шешім қабылдау болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кездесуде сөз сөйлей отырып «ЕҚЫҰ тек қана «суық соғыс» кезінде ғана тиімді болмай, бүгінгі күнде де қазіргі заманғы ғаламдық саясат пен экономиканың ажырамас бөлігі ретінде дамып отырған құрылым екендігін дәлеледеуі тиіс»,- деді.
«2010 жылы ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу Хельсинки Қорытынды актісінің 35 жылдығында әлем қауымдастығына Ұйымның «Хельсинкиден Астанаға дейін» дамуын көрсетуге ерекше мүмкіндік береді».
Саммиттің өтуі «еуро-атлантикалық, еуразиялық және әлем қауымдастығының ортақ бір принциптер мен құндылықтарға негізделген» ортақ көзқарастарына, сонымен қатар дағдарыстан кейінгі қаржылық және экономикалық жүйенің қайта құрылуына, ЕҚЫҰ аймағында төзімділік пен кемсітпеушілік принциптерін алға тартуға және әлем қауымдастығының Ауғанстанмен өзара ықпалдастығын нығайтуға ықпал етер еді,- деп мәлімдеді Назарбаев.
ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстан Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев алдын ала кеңесу нәтижелері бойынша Астана осы жылы ЕҚЫҰ-ның келесі саммитінің алаңына айналуы мүмкін деп атап өтті. Күтіліп отырғандай, ЕҚЫҰ мұше мемлекеттері бұл ұсынысты жақын арада қарастыратын болады.
«Бүгінгі кездесу – біздің диалогымыздың жаңа деңгейге шығуына және ортақ әрі бөлінбейтін қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бұдан да жоғары дәрежеге көтерілуге мүмкіндік береді»,- деді Саудабаев.
Саудабаев кездесу қатысушыларын ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының бастамасымен Қырғызстандағы жағдайды оңалтуға қатысты халықаралық қауымдастықпен тығыз ынтымақтаса отырып жасалып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды, соның ішінде жақын арада Қырғызстанның Ош және Жалалабад аудандарына Полицейлік консультативтік топ жіберілгелі отырғандығымен хабардар етті.
Сондай-ақ, Президент Назарбаев та Қазақстан Қырғызстанға он миллион доллар көлемінде жедел көмек көрсететіндігін, соның ішінде үйлерді қалпына келтіруге құрылыс заттары және жанармай бар екендігін мәлімдеді.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Петрос Эфтимиу ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Қырғызстандағы жағдай секілді дағдарыс кездерінде қоса алатын үлесінің маңыздылығын атап өтті. «Корфу процесі ЕҚЫҰ-ның кезіндегі өзектілігін диалог арқылы қайта жаңғыртуға керемет бастау болды. жаңадан пайда болып келе жатқан дағдарыс жағдайларына көңіл бөлуге арналған Ұйымның әлеуетін нығайтуға екпін аударылғаны өте маңызды»,- деді ол.
Корфу процесі – гректік Корфу аралында өткен жылы маусым айында орын алған бірінші ЕҚЫҰ министрлерінің бейресми кездесуінің барысында іске қосылған, ЕҚЫҰ негізінде өткізілетін еуропадағы қауіпсіздік жөніндегі диалог.
ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришамбо Алматыдағы кездесу және бастауын тауып отырған саммит ЕҚЫҰ мүше мемлекеттері ұйым шеңберіндегі міндеттерін ортақтаса алатын жағдайды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік болып табылады деді. Олар, сонымен қатар, мемлекеттерді бөліп отырған мәселелерді шешуге, соның ішінде созылмалы қақтығыстар және қаруды бақылауға алу мәселелері, және трансұлттық қауіп, Ауғанстандағы және Қырғызстандағы жағдайлар секілді ортақ сындармен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
«Қазақстанның басшылығымен мүше мемлекеттер өзара түсіністік мәселелері мен олқылықтарын әшкерлеуде қызу жұмыс атқарды. Сенім сезімдерін қайта қалыптастыру үшін белгілі қадамдар қабылданды. Енді нақты іс-әрекет пен қарқынды күшейтуге кез келді»,- деді ол
Алматыдағы кездесуде шамамен 50 министр мен министрлердің орынбасарлары қатысуда.


