Астанада ЕҚЫҰ төзімділік және кемістпеушілік жөніндегі жоғары деңгейлі конференциясы өтуде
28-06-2010
ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев; БҰҰ өркениеттік Одағының жоғарғы Өкілі Хорхе Сампаио; Еуропаның Парламенттік ассамблеясы Кеңесінің төрағасы Мевлут Чэвушоглу; және Литва Әділет министрі Рямигиюс Схимасхиюс, өзге де жоғары дәрежелі өкілдер 29-30 маусым аралығында Қазақстанның елордасы Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның төзімділік және кемістпеушілік жөніндегі жоғары деңгейлі конференциядағы сөз сөйлейтін баяндаушылардың қатарында.
Аталған шарада ЕҚЫҰ негізгі институттарының басшылары – Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюроның Директоры (БДИПЧ) Янеш Ленарчич, Ұлттық азшылық ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар Кнут Воллебак, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының төзімділік пен кемістпеушілік жөніндегі жеке үш өкілі, Түркия, Черногория, Израиль министрлері, сонымен қатар басқа да лауазымды тұлғалар мен қоғам қайраткерлері қатысады.
Төзімділік, кемістпеушілік және мәдениетаралық диалог тақырыбын қозғау Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы ретінді ең басты мәселелерінің бірі болғандықтан, осыған байланысты ЕҚЫҰ шеңберінде тиісті міндеттер мен құндылықтарды жүзеге асыруға ықпал жасау Конференцияның мақсаты болып табылады.
Екі күндік отырыстың алдында, Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен, 28 маусымда Астанада даярлық кездесу болады. Даярық отырыста мұсылман, христиан және басқа да дін өкілдеріне қатысты төзімсіздік пен кемістушілікпен күресу жолдары талқыланады. Конференцияға қатысушылар заңнаманың, құқықты қолданудың, білім және Интернетті қоса, БАҚ жүйесінің қоғамдағы төзімсіздік көріністеріне қарсы күрестегі ролі жөнінде және ашық диалог арқылы өзара түсіністікті жүзеге асыру мәселелері жөнінде талқылайды.
Конференция Бейбітшілік және келісім сарайында (Пирамида) өтеді. Отырыстың ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар пресс конференциялар және таңдаулы шаралар Пирамиданың 7 қабатындағы БАҚ Орталығында жабық телехабар түрінде таратылатын болады.
Ресми ашылу салтанаты 29 маусымда сағат 10:00 мен 11:30 аралығында өтуі тиіс. Онда негізгі баяндамасымен Нұрсұлтан Назарбаев, содан кейін Жорже Сампайо, Мевлут Чавушоглу, Кнут Воллебак, Янеш Ленарчич және басқа да жоғары деңгейлі баяндаушылар сөз сөйлейді. Отырыс БАҚ өкілдеріне, БАҚ Орталығында жабық телехабар түрінде таратуға, веб-хабарламаға және спутник арқылы тікелей трансляцияға ашық болады.
«Төзімділік, Ашықтық, Дәстүр, Сенім» 2010 жылғы ЕҚЫҰ фото Байқауының жеңімпаздарын марапаттау Салтанаты 29 маусымда сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін пирамиданың 1-інші қабатындағы фойесінде өтеді.
ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының антисемитизммен күрес жөніндегі жеке өкілі Раввин Эндрю Бейкердің, мұсылмандарға қатысты төзімсіздік пен кемістушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі Әділ Ахметовтың, расизм, ксенофобия және кемістушілікпен күрес жөніндегі жеке өкілі Марио Мауроның қатысуымен болатын бірлескен пресс-конференциядағы талқылаулар, сондай-ақ, мұсылман, христиан және басқа да дін өкілдеріне қатысты төзімсіздік пен кемістушілікпен күресу жолдарына бағытталатын болады. Аталған пресс-конференция 29 маусымда сағат 17:30-дан 18:00-ге дейін 6-шы қабаттағы брифингке арналған залда өтеді және барлық БАҚ өкілдеріне, БАҚ Орталығында жабық телехабар түрінде таратуға, веб-хабарламаға және спутник арқылы тікелей трансляцияға ашық болады.
Конференциның екінші күні, 30 маусымда, отырыстың жабылуы 17:15-тен 18:00-ге дейін барлық БАҚ өкілдеріне, БАҚ Орталығында жабық телехабар түрінде таратуға, веб-хабарламаға және спутник арқылы тікелей трансляцияға ашық болады.
30 маусымда сағат 18:00-де пирамиданың 6-шы қабатындағы брифингке арналған залда ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың пресс-конференциясы болады. Пресс-конференция БАҚ Орталығында жабық телехабар түрінде, веб-хабарлама және спутник арқылы тікелей трансляция арқылы таратылатын болады.
Отырыстың ашылуы, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының Жеке өкілдерінің пресс-конференциялапы, отырыстың жабылуы және соңғы пресс-конференцияның тікелей көрсетілімі Еуропада World Feed-те, Америкада (Intelsat805), Азияда (Asiasat5) таратылатын болады. Таратылымның техникалық көрсеткіштері (құқықтарсыз және тегін) тіркелген қолданушыларға мына сайтта қол жетімді болады: www.eurovision.net.
Конференцияның ашық бөліктерін веб-хабарлау келесі сайтта ұйымдастырылады: http://www.osce.org/conferences/tolerance_2010.html?page=44753
Журналистерге арналған толығырақ ақпаратты, кедендік тексерістер мен салықтарды (пошлина) қоса, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сайтынан ала аласыздар. БАҚ өкілдеріне арналған бейдждерді пирамидаға кіреберістегі БАҚ-ты тіркеу үстелінде алуға болады. Сол жерде журналистерді тіркеуге де болады.

