Венада Семей полигоны жабылуының 20-жылдығына орай фотокөрме ашылды
02-09-2011
1 қыркүйекте Венада дипломатиялық корпустың кеңінен қатысуымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 20-жылдығына арналған фотокөрме ашылды.
Экспозиция полгинның тарихы, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы және тәуелсіз Қазақстанның ғаламдық ядролық қарусыздандыру мен таратпау саласындағы үлесі жайында баяндайтын фотосүреттер, құжаттар және схема түріндегі материалдардан құралған.
Фотокөрме ЕҚЫҰ Штаб-пәтері орналасқан Хофбург сарайы залдарының бірінде орнатылған. Көрме келушілеріне Семей экологиялық апаттың ауқымы мен полигон тағдырындағы 29 тамыз датасының маңыздылығы туралы айтылды. Дәл осы күні 1949 жылы алғашқы атомдық жарылыс жасалды, ал 42 жыл өткен соң 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигоның жабу туралы жарлыққа қол қойды. Соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттердің күні» етіп жариялаған еді.
Фотокөрме 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл көрмені кейін БҰҰ-ның Венадағы Штаб-пәтерінде қойып, оны қазан айында Астана, Семей және Курчатов қалаларында өтетін «Ядросыз әлем үшін» халықаралық конференцияға орайластыруды жоспарлануда.
Бұдан ертерек, 30 тамызда, Қазақстанның Конституциясы күні және мұсылмандардың Ораза Айт мейрамына орай ҚР Австриядағы Елшілігі – Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі қазақ диаспорасының қатысуымен мерекелік іс-шараны өткізді.

