Венада Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығына арналған дөңгелек үстел болып өтті
31-05-2011
Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету келешегі 31 мамыр күні Венада өткен дөңгелек үстел кезінде талқыланды. Ісшараны Қазақстанның Австриядағы Елшілігі – ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және беделді «Халықаралық бейбітшілік институты» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды.
Венада орналасқан дипломаттар, журналисттер, үкіметтік емес ұйымдар, саяси және академиялық топтардың өкілдері ИКҰ аясындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарымен, сондай-ақ алдағы төрағалық кезінде Қазақстан ерекше көңіл бөлетін мәселелер туралы таныстырылды. Қатысушылар маусымның соңында Астанада ИКҰ Сыртқы істер министрлерінің 38-ші кеңесіне дайындық барысы туралы хабардар етілді.
«ИКҰ тетіктері және мұсылман әлемі ішіндегі ынтымақтастық» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы Әлем экономикасы және саясаты институтының директоры Сұлтан Әкімбеков баяндама жасады. Ал ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Мұрат Лаумулин «Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы қарсаңыңдағы геосаяси мәселелер» тақырыбына пікір бөлісті.
Дөңгелек үстел Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының штаб-пәтерінде өтті. Бұл жәйт Қазақстанның осынау ірі халықаралық ұйымдардағы төрағалығын айтқанда ерекше мәнге ие болды. Әртүрлі халықаралық құрылымдардың қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге төтеп берудегі өзара іс-қимылы, олардың дағдарыстық жағдайларды реттеудегі ролі жайында тақырыптар қозғалды. Талқыланған өзекті мәселелердің басқа бір шоғыры конфессияаралық толеранттылықты алға жылжыту мен өркениеттер арасындағы үнқатысу идеяларына қатысты болды. Жалпы алдағы қазақстандық төрағалықтың «Бейбітшілік, ынтымақтастық және даму» ұраны ИКҰ-ға мүше елдері алдында тұрған маңызды мәселелерді шешудегі басымдықтарды толығымен қамтитының айрықша атап көрсетілді дөңгелек үстел кезінде.

