ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев бүгін Ұйымның Венадағы тұрақты кеңесінің Қырғызстанға Полицейлік Консультативтік Топты жолдау туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады
23-07-2010
ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бүгін Ұйымның Венадағы тұрақты кеңесінің Қырғызстанға Полицейлік Консультативтік Топты жолдау туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады.
«Қазақстан басынан бастап, ұйымның мандатына сәйкес, ЕҚЫҰ-ның Қырғызстандағы жағдайды реттеуге барынша тиімді қатысуын қолдағаны белгілі. Осы орайда біз әуел бастан Қырғызстанның полицейлік консультативтік топты жолдау туралы өтінішін қолдаған болатынбыз. Мен ЕҚЫҰ барлық 56 мүше-мемлекеті көрегендік танытып, Қырғызстанға полицейлік консультанттар жіберу жөнінде келісімге келгендеріне және біздің Венадағы өкілетті өкілдеріміздің шешімімен рәсімделгенін шын ниетіммен қолдаймын. Полицейлік Консультативтік Топтардың жақында қантөгіс қақтығыстардың аренасына айналған аймақтарда болуы елдегі сенімнің артуына, тұрақтылықтың нығаюына және тәртіптің орнауына өз ықпалын тигізеді. Алматыда өткен ЕҚЫҰ министрлерінің бейресми кездесуінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап қткендей, Қазақстан алдағы уақытта да ағайынды Қырғыз еліне ЕҚЫҰ төрағасы ретінде де, екіжақты форматта да өз қолдауын көрсете бермек.»
Ү.ж. 22 шілдесінде ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесі Қырғызстанға полицейлік консультивті тобын шұғыл түрде жіберу туралы шешім қабылдағаны белгілі. ЕҚЫҰ-ның мүше мемлекеттерінің азаматтары ішінен құқық қорғау саласының мамандары арасындағы жедел түрде өткен сайыстан кейін 52 адамнан тұратын бірінші топты шамамен төрт айға жіберілетін болады.
Қырғызстанның үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің шешімі бойынша миссияның мерзімі, сонымен қатар қатысушылардың саны көбейуі мүмкін.
17 шілдеде Алматыда өткен ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінің соңында Қырғызстанға полицейлік консультивті топты жіберу туралы мүше мемлекеттер арасында келісімге қол жеткезілгені туралы хабарланды.


