Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшісі - Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі
1964 жылы 21 сәуірде туған, қазақ
Білімі: Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, тарих факультеті (1981-1987 жж.)
1987-1993 жж. – Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде мамандығы бойынша оқытушылық және ғылыми жұмыста
1993 жылдан бастап қазіргі уақытта – ҚР Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық қызметте
1993-1994 жж. – Еуропа департаментінің үшінші, екінші хатшысы
1994-1999 жж. – Азия Басқармасында және Департаментінде, Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінде басшы лауазымдарда; Еуропа және Америка департаментінің директоры; Екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры (Еуропа, Америка, Азия, Таяу Шығыс, Африка)
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі
2001 ақпан – 2003 жж. сәуір – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі
2003 мамыр – 2006 жж. наурыз – Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшісі
2006 наурыз – 2007жж. тамыз – Сыртқы істер министрінің орынбасары
2007 тамыз – 2008 жж. желтоқсан – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшісі, Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкіл
2008 желтоқсан - 2011 наурыз – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі
2011 ж. наурыздан бастап – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшісі - Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар
Ағылшын тілін меңгерген
«Құрмет» орденімен (2008 ж.), ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР-дің мерейтойлық медальдарымен марапатталған


