(жалпы ақпарат)
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.
Республика жері батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 2000 км-ге созылған. Қоңыржай белдеудің негізінен орталық және оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелі белдеуді қамтиды.
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 7500 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызстан (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1700 км) шектеседі, батысында Каспий теңізі (600 км) орналасқан.
Жер аумағы – 2.724.900 шаршы км.
Халық саны: 16 402 861 (2009 жылғы халық санағына сәйкес) адам.
Астанасы – Астана қаласы (1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап). Халқы 678 мың адам.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады, одан басқа 84 қала, 159 аудан, 241 кент, 2042 ауылдық округ бар.
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Ұлттық мереке – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Ұлттық валютасы – теңге. 1993 жылы 15 қарашада енгізілген.


