Қазақстан Елшісі Австрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
18-05-2011
17 мамыр күні веналық Хофбург сарайында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишерге сенім грамоталарын тапсыру рәсімі болып өтті.
Австриялық мемлекет басшысымен болған әңгіме кезінде екіжақты қатынастарының әржақты дамуының қазіргі күйі мен келешегі талқыланды. Елші Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай еліміздің жетістіктері туралы баяндап берді, сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жылсайынғы халыққа жолдауында және Үкіметтің бағдарламалық құжаттарында айқындалған мемлекет дамуының басымдықтары жайында хабардар етті.
Х.Фишер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен жасаған Қазақстанға тұңғыш ресми сапарын және ЕҚЫҰ-ның Астанада 2010 ж. желтоқсанда болған мемлекет және үкімет басшыларының тарихи Саммитіне қатысуын жылы лебізбен еске салды. Қазіргі кезеңде жоғарғы деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру айрықша маңызға ие болуда, әсіресе экономикалық, индустриялық-инновациялық және мәдени-гуманитарлық бағыттарда.
Қазақстандық мұнайдың Еуропаға, сонынң ішінде Австрияға тасымалының өскелең маңыздылылығы атап өтілді, екіжақты тауарайналымы құрылымын одан әрі әртараптандыру, экономикалық қатынастардың жаңа инвестициялық қоржындармен толтыру қажеттілігі атап өтілді. Мұндай жобалар қазақстан-австриялық бизнесінің 2015 жылға дейінгі дамуының Жол картасында көрсетілген.
2010 жылы ЕҚЫҰ-ға әділетті төрағалығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның бар күш-жірегін салғаны атап өтілді. Осы орайда Астанада қабылданған Ұйым Саммитінің Декларациясы ЕҚЫҰ аумағында өзара іс-қимыл үшін орасан маңызға ие.
Қазақстан мен Австрия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 19 ақпанда орнатылған болатын. Қазіргі кезде екіжақты қатынастар өсу кезеңің өткеруде, атап айтқанда ресми саяси және іскерлік байланыстар артуда, өзара сауда ұлғаюда. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2010 жылы 2,751 млрд. долл. құраған (қазақстандық экспорт – 2,53 млрд. долл., импорт – 0,22 млрд. долл.) және бұл 2009 жылмен салыстырғанда екі есе артық. 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасына Австриядан келген тікелей инвестициялардың көлемі 2,818 млрд. долл. құрады. Қазақстанда австриялық капиталының қатысуымен 135 бірлескен кәсіпорын тіркелген.
Соңғы айлар ішінде Австрияға ҚР Премьер министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің, ҚР Машина жасаушылары одағы делегациясының сапарлары болды; австриялық өкілдер Еуропалық қайта құру және даму банкінің Астанада болатын жыл сайынғы отырысына аттануда; ҚР Үкіметі жетекшілігі Венада маусымның басында өтетін Еуропа мен Орталық Азия арадағы ынтымақтастығына арналған Дүниежүзілік экономикалық форумына қатысуы күтілуде. Үкіметаралық комиссияның кезекті мәжілісі және бір-қатар екіжақты келісімдер, солардың ішінде, автокөлік қатынасы туралы құжаты жобалары әзірлену үстінде.


