Жалпы мағлұмат
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкілдігі 1995 жылы ҚР-дің Австриядағы Елшілігінің – ҚР-дің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің құрамында бас көтерген болатын.
2008 жылы ҚР-дің ЕҚЫҰ жанындағы жеке Тұрақты өкілдігі ашылды және бұл шешімді қабылдауға Қазақстанның 2010 жылы Ұйымға төрағалық етуіне даярлық және оны өткізу, сонымен бірге ЕҚЫҰ «Үштігіне» қатысу міндеттері түрткі болды.
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Елші Қайрат Әбдірахманов болып табылады. Тұрақты өкілдікте 25-тен астам дипломаттар мен әкімшілік қызметкерлер жұмыс істейді.
Веб-сайттың бұл бөлімінде Сіздер Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің мекен-жайы, орналасқан жері жайында, Тұрақты өкілдің өмірбаяны мен қызметкерлердің байланыс деректері туралы ақпаратпен таныса аласыздар.
Сондай-ақ мұнда Венада орналасқан басқа да қазақстандық мекемелер туралы ақпарат беріледі, олардың арасында мыналар бар:
- Қазақстанның Австриядағы Елшілігі (консулдық бөлімін қоса алғанда) және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдік;
- «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының өкілдігі;
- «Хабар» телевизиялық агенттігінің өкілдігі.


