16-17 шілде аралығында Алматыда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кездеседі
12-07-2010
АСТАНА, 2010 жыл 7 шілде – ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың бастамасымен ұйымдастырылған ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі Алматы маңайында 16 және 17 шілде күндері өтеді.
Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан Ақ-бұлақ курортты аймағында өтетін кездесуде ЕҚЫҰ-ның 56 мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері мен басқа да жоғары деңгейдегі өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік мәселелерін және ЕҚЫҰ ролін талқыға салады, соның ішінде ЕҚЫҰ-дағы Қазақстандық төрағалықпен ұсынылған ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібі қарастырылмақ.
Шараны ақпараттық таратуға қатысу үшін журналисттер шақырылады. 17 шілдеде өтетін ашылуы және қорытынды пресс-конференция, сонымен қатар ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің жекелеген Министрлері мен жоғары деңгейдегі өкілдерімен болатын брифинг БАҚ өкілдеріне ашық болады. Басқа шаралар жөніндегі ақпарат бейресми кездесу барысында сол жерде берілетін болады.
Міндетті түрде алдын-ала тіркелу қажет. БАҚ өкілдеріне арналған аккредитациялық форманы ҚР Сыртқы істер министрлігінің вебсайтынан таба аласыздар:
http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/OSCE-inform....
Аккредитациялық формалар фото-суретпен қоса 2010 жылдың 10 шілдесіне дейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне жіберілуі тиіс.
ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі БАҚ өкілдерін тіркейтін қызметкер: Махсура Масхудова, news@mfa.kz, +7 7172 7202 36
Назар аударыңыздар, Венада ЕҚЫҰ жанында тіркелген немесе кез-келген басқа институттарында және ЕҚЫҰ алаң миссияларында тіркелген журналисттер де аталған шараға қосымша тіркелуі қажет.
Шет ел журналисттері өздеріне жақын Қазақстан Республикасының елшілігінде немесе консулдық бөлімшелерінде елге кіру үшін виза керек немесе керек еместігін анықтап алу қажет.


